Елордада 500 адамға қызмет еткен түнгі клуб анықталды
Елордада 500 адамға қызмет еткен түнгі клуб анықталды

"Бұл элиталық мекемелердің барлығы шектеу және карантин шараларын, сондай-ақ жұмыс пен демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларды бұзғаны анық. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитар дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп мәлімдеді құзырлы органдар.Бір тәулік ішінде мобильді топ 313 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, 46 карантин режимін бұзу дерегін анықтады.
"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындар мен мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды сақтау керегін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.