Жамбыл облысының әкімі трактор жүргізіп жұртты таңқалдырды ма?
Жамбыл облысының әкімі трактор жүргізіп жұртты таңқалдырды ма?

«Бұл тамаша мүмкіндік. Сондықтан мен тек жаңа трактормен шектеліп қалмай, сондай-ақ жалпы 18,5 млн. теңгеге жаңбырлатып суару қондырғысын, тыңайтқыш сепкіш, соқа сатып алуды жоспарлап отырмын. Мемлекеттің мұндай қолдауын тиімді пайдалану маңызды» , - дейді жас кәсіпкер, жуалылық «Мерсеит» шаруа қожалығының жетекшісі Олжас Сламбай.Егер біреу өзінің ескі техникасын жаңартқысы келсе, онда оған зауыт мамандары заманауи жабдықтарды қолдана отырып қалпына келтіруге көмектеседі. Жаңасынан ешбір кем түспейтін ол техниканы шаруа тиісті кепілдікпен төмен бағаға сатып алады. Аймақ басшысы ескі тракторларды да, жаңа тракторларды да бағалап, шаруаларды әңгімеге тартты. Ол 1980 жылғы ескі МТЗ техникасын байқап, жаңа LOVOL тракторын жүргізіп, сынап көрді. Жаңа трактор кондиционер және жылыту пешімен жабдықталған, сырт көрінісі тартымды әрі жолда ыңғайлы жүреді. «Біздің совхозда жұмыс істеген жас кезімізде мұндай заманауи тракторлар болған жоқ. Кеңестік техниканы жүргіздік. Кез келген мемлекеттің міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық секторды дамытуға айрықша назар аударуда. Түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүзеге асып, субсидиялар бөлінуде. Оның ішінде жаңа ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Ең бастысы – ерінбей жұмыс істеу керек. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығын бағамдап, жаңа технологияларды енгізу, тек жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды уақытында қолдану және ауыспалы егістік тәсіліне ден қою аса маңызды. Жамбыл облысы еліміз бойынша алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін trade-in әдісін қолдана бастады. Жыл соңына дейін біз 100 бірлік ескі техниканы қабылдап, шаруаларға сонша жаңа техниканы ұсынбақпыз. Болашақта өз өндірісімізді құруымыз қажет», - деді Бердібек Сапарбаев. «АгромашХолдинг КЗ» АҚ вице-президенті Мейрамбек Сәндібеков аймақ басшысына сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, жобаны әрі қарай дамыта түсуге ниетті екендігін жеткізді.
«Біздің техникалар сенімді әрі өздерін жақсы жағынан дәлелдеп келеді. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, жергілікті аграрлық секторға жаңа технологияларды енгізетін боламыз», - деп түйіндеді зауыт өкілі.Шаруалар атынан сөз алған байзақтық «Байназаров» шаруа қожалығының жетекшісі Хамидулла Байназаров талап етілетін құжаттар саны едәуір қысқарғанын, жалпы алғанда жаңа қондырғылар сатып алу шаруалар үшін қол жетімді бола бастағанын атап өтті. Қордайлық «Аухаттылық» агроқұрылымының басшысы Қуанышбек Әбдіқалықов қолдай түсті. Ол бірден екі ескі МТЗ-82 тракторын тапсырыпты. Жаңа техникалар арқылы ол 1200 гектар егіс алқаптарын әртараптандыруға күш салмақ. Келер жылы агроқұрылым басшысы майлы дақылдарды, атап айтқанда мақсары өсіруді жоспарлауда. Айта кету керек, соңғы үш жылда облысымызда ауылшаруашылық техникаларын жаңарту қарқыны екі еседен астамға, яғни 4-тен 10 пайызға дейін артқан.