Дәрігерлер суға шашалып қалған 11 айлық сәбиді тірілтіп алды

08 Сәуір, 2019 666 0

NewsROOM+. Оқиға өткен аптада орын алған. Жергілікті тұрғындардың бірі жедел жәрдемге қоңырау шалып, көмек сұрапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап newsroom.kz.

Бүгін Шымкент ауруханасынан 11 айлық сәби шығарылды. Ол балаларға арналған ваннада шомылып жатып өліп қала жаздаған. 

Ол шомылдырып жатқан кезде сәбиінің шашалып қалғанын айтқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Сәбидің тірі екенінің белгілері байқалмапты.

Дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартып, жасанды тыныс алдыру әрекетін жасапты. Арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген. 

Артынша сәби анасымен бірге қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Мұнда сәби бірнеше күн бойы ем алыпты. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. Сондықтан үйіне жіберілген. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: шымкент, аурухана, бала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.