Алматыда «Өркендеу» жобасы өткізіледі

08 Сәуір, 2019 502 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Оtаn» партиясының Төрағасы, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Алдаспан» батырлар қоры, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы және басқа да мүдделі тараптар бірлесіп жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ұлттық дәстүрге негізделген рухани-имандылық және әлеуметтік құндылық ретінде азаматтылықты, патриотизмді дамытуға бағытталған, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Өркендеу» жобасын жүргізіп келеді.

Жобаның мақсаты:  Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, біліммен қаруландыру,  жас ұрпақтың ұлттық рухына дақ түсірмей, ата-бабалар аманат еткен жер мен тілді сақтауға, ұлттық озық салт-дәстүрлерді дамытуға баулу, ұлттық отбасылық құндылықтарды терең түсініп талдап зерделеуге, жүзеге асыруға жұмылдыру.

Қазіргі таңда жоба Нұр-Сұлтан қаласының №51 мектеп-гимназиясымен Алматы қаласының Қ.А. Яссауи атындағы №123мектеп-гимназиясында, М.Әуезов атындағы №128 орта мектебінде, М.Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназияда, Алматы облысы, Қаракемер ауылында жүзеге асырылып келе жатыр.

Ағымдағы  жылдың 10 сәуір күні, сағат 10:00-де Алматы қаласы, Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында аталған жобаның қалалық семинары өтеді.

Іс – шара қонақтары: 

Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы – Абай атындағы Қазақ  ұлттық университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор, с.ғ. докторы;

Ходжабергенова Гүлнәр Махақызы – Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы;

Динара Тайбасарқызы  - «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымы;

Ахметов Мәди – «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» жастар қанатының  Алматы қаласы филиалының  төрағасы;

Айзат Әлиқызы –  «Рухани  жаңғыру» орталығының менеджері;

Мәрлен Бауыржанұлы – «Рухани  жаңғыру» кz сайты;

Лаура                                –  Алматы қаласы Білім басқармасы  кызметкері

Дәулет Әшімхан – «Ел-шежіре» баспасының директоры; 

Біржанов Хамит – Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Бауыржан Сейітбекұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты; 

Иманбаева Сәуле – Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;

Қоңырбаева Сараш Сахиқызы– Қазақ қыздар университетінің қауымдастырылған  профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;

Қалиев Серік    – журналист;

Абзулдаева Күлән Тұрысбекқызы  –  Қоғамдық қор – «Алдаспан» батырлар қорының президенті.

Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» ЖҚ және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымы»  РҚБ белсенді оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды  Алғыс хаттармен  Грамоталармен марапаттайды. «Алдаспан» батырлар қоры кітапханаға бағалы кітаптар сыйлайды.

Семинарға Алматы қаласының барлық мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлері, мектепұланбасылары қатысады.

Шара маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.



Қосымша ақпарат үшін:

Сайлауова Арайлым Нұржанқызы (8 747 681 70 71)

Тегтер: жасұлан, «Өркендеу»жобасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.