Тағы бір облыста қатау шектеу шаралары енгізілді
Тағы бір облыста қатау шектеу шаралары енгізілді
Ведомствоаралық комиссия коронавирус жағдайының ушығуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында болды. Кейінгі аптада індетке шалдыққандар көрсеткіші 100 мың тұрғынға 56,1-ге жетті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Ведомствоаралық комиссия облыста біршама шектеу шараларын енгізді.
Соның ішінде, 2 қарашада бірнеше әуе рейстерінің саны қысқартылды. Олар:
Нұр-Сұлтан - аптасына 17 рейстен 7-ге дейін;
Алматы - аптасына 14 рейстен 7-ге дейін;
Шымкент - аптасына 2 рейстен 1-ге дейін.
Сонымен қатар теміржол рейстері де қысқарды:
Өскемен - аптасына 1 рет;
Алматы - аптасына 3-ке дейін.