Шымкенттегі 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды
Шымкенттегі 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды
Шымкенттегі 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы білім басқармасының басшылығы өткізген брифингте мәлім болды.
Басқарма басшылығының мәліметінше, індет жұқтырған бала қаладағы №54 мектепте 5 сыныпта қашықтан оқиды.
«Ата-аналардың өтінішін қарайтын боламыз. Соның негізінде шешім шығарылады. Қазір мектептердегі сыныптарда барлық санитарлық талаптар сақталып отыр. Қазан айынан бастап кезекші сыныптар саны азаюы мүмкін»,- дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.Қазір қаладағы оқушылардың 22 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша дәстүрлі білім беру жүйесімен оқиды. Қалғаны қашықтан білім алып жүр. Десе де пандемияға байланысты үйде оқуға мәжбүр болған балалардың қажеттіліктері әлі күнге толықтай шешілмеген. Шәкірттердің 31 мыңнан астамы интернетке, 37 мыңдайы компьютерге мұқтаж. Қазір оқушыларға тарталыған компьютерлердің саны 33 840. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі