Жаңалықтар

Түрмедегі күйеуіне жағдай жасамақ болған әйел пара беріп ұсталды

Түрмедегі күйеуіне жағдай жасамақ болған әйел пара беріп ұсталды

 width= Шымкентте түзету мекемесінде отырған азаматтық некедегі жолдасына жағдай жасаймын деген әйел басшылыққа пара беріп ұсталды. Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан мәлім еткендей, 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара берген әйел ұсталды. Ол қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазаны өтеуде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 1500 АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы берген. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі