Коронавируспен күрес: Бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер ұсталды

Коронавируспен күрес: Бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатынан 8 730 560 теңге жымқырған. Олар медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатқан. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі басқарма басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол құжаттың шарттары бұрын нақты орындалып қойған. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.

Жүктелуде...