Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап, сатқан сарбаз 10 жылға сотталды

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап, сатқан сарбаз 10 жылға сотталды

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап, сатқан сарбаз 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап сатқан сарбазға қатысты үкім шықты. Сот басты айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек сот үкімі онымен сыбайлас болды деген өзге де айыпталушыларға шықты. Олардың екеуі, яғни қару ұрлауға көмектескен сотталушының ауылдастары енді алдағы 8 жылын темір торда өткізеді. Тағы бірі 5 жылға, үшеуі үш жылға сотталды. Айыпты деп танылған сегізінші азамат сот залынан босатылды. Қылмысқа сыбайлас болған екінші курс студенті Бекжан Санжар мемлекетке 500 АЕК яғни, 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Бірақ, қылмыстық істің бас тұлғасы деп танылған Абылай Балғынбай аталған жазамен келіспейді. Еске сала кетейік, ол бұған дейін ұрлыққа командирінің бұйрығымен барғанын айтқан еді. Ал, сот үкімі 10 күннен кейін күшіне енеді. Сарбазды ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК арнайы жедел тобы бірігіп жүргізген. Әлеуметтік желілерде Абылай Балғынбай есімді сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тараған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі