Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған.
Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болса, бүгінде 8 236-сы жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған болатын.
Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылды.
«Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу»,-делінген хабарламада.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі