Қырғызстан Қазақстаннан көмек сұрады

Қырғызстан Қазақстаннан көмек сұрады

ашық дереккөзі

 width= Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев Қазақстаннан медициналық мақсаттағы қорғаныш заттары мен дәрі-дәрмекті қайтарымсыз негізде көмек ретінде беруді қарастыру мәселесін сұрады. Қырғызстан СІМ басшысы Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келіп, Қазақстанның СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездескен. Кездесу барысында Қырғызстан СІМ басшысы елдегі саяси жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын, барлық әрекеттер заң аясында реттелуге көшкенін жеткізген. Сонымен қатар барлық шетелдік инвестицияның қорғалатын мәлімдеген. Қырғызстанда коронавирустың өсуі соңғы бір аптада байқалуда. Көрші елде коронавирусты 57798 адам жұқтырып, 1139 адам көз жұмған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...