«Астанада, ой, Нұр-Астанада»: Жас вице-министр елорда атауын шатастырды

08 Сәуір, 2019 614 0

NewsROOM+. Қаржы министрінінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов желі жұлдызына айналды. 

Тілшілердің сұрақтарына жауап беру кезінде ол елорданың атауынан жаңылысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Алматы, Астана... а, яғни, Нұр-Астанада... ой, Нұр-Сұлтанда, кешіріңіздер", - деп вице-министр кешірім сұрады

Желі қолданушылары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, бұл жайтты талқыға салмады. Әйел адамдар жас шенеунікті сүйкімді деп есептеді.

"Қандай сүйкімді", "Осындай ашық, мейірбан шенеунікті алғаш көргенім", "Барлық адамда мұндай келесіздіктер болады. сасқалақтап қалды, сөге көрмеңіздер", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Кейбір желі қолданушылар өздері де осындай жағдайға тап болып жататындарын мойындады.

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынған болатын. 23 наурыз күні Астана қаласының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді.


Тегтер: нұр-сұлтан, астана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.