Жас отбасы алты миллион теңгеге жуық ақшасын байқаусызда қоқысқа тастаған

07 Сәуір, 2019 742 0

NewsROOM+. Ресейдің Түмен қаласында ерлі-зайыптылардың анасы алты миллион теңгедей (бір миллион рубль) ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған деп хабарлайды 1pnz.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Бұл туралы жергілікті қоқыс сұрыптау зауытының цех бастығы Виктор Загидулин баспасөз конференциясында айтып берді.

"Бізге жас ерлі-зайыпты келді. Олар анасын өздеріне көшіріп алып келіп, оның пәтерін сатып жіберген. Ал ақшаны пакетке салып, үйде тастап кетіпті", - деді ол.

Загидулиннің сөзінше, бір миллион рубль салынған пакетті үйде қалған жігіттің анасы қоқысқа шатыстырып лақтырып жіберген.

Жас отбасы 12 тонна қоқыстың ішінен ақыры пакетті тауып алған.

Тегтер: ақша, қоқыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.