Димаштың 76 жастағы табынушысы әнші үшін атын өзгертіп тастаған

07 Сәуір, 2019 701 0

NewsROOM+. Димаш Құдайбергеннің 76 жастағы ирландық табынушысы әншінің құрметіне атын өзгертіп тастаған. Әншінің Джун Лазар есімді жанкүйері сүйікті әншісі үшін есімін өзгерткен. Ол өз атына "маш" жұрнағын жалғап, өзін Джун-маш Лазар деп таныстырған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Зейнеткер Димаштың Мәскеуде өткен концертіне барып, әртістің ата-анасымен танысқан. Концерттен кейін Джун-маш сүйікті әншісінің туған жері Ақтөбе қаласын көріп қайтуға бел буған.

Мұнда оған Димаш оқыған мектеп пен, музыкалық колледж, сондай-ақ әншінің туған қаласының көрнекі жерлері көрсетілген.

."Алғаш рет Димаш Құдайбергенді YouTube арнасынан естідім. Ол мені өзімен бірге шақырғандай болды. Димаштың тағдыры ерекше екенін сездім. Ол әлемді өзгерте алатын тұлға. Оның алдында үлкен міндет тұр. Онымен танысқаннан кейін Қазақстанды жақсы көретінін түсіндім. Ол қазақ дәстүрлерін, балаларды қатты жақсы көреді", – деді Джун-маш Лазар.

Оның сөзінше, бес жыл бұрын Қазақстанда болған екен. Бірақ Ақтөбеге алғаш келіп отыр.

Мұнда оған көптен бері армандаған қазақ камзолы сыйға тартылды."Бұл сыйлыққа қатты қуанып тұрмын. Алғысым шексіз. Үйіме оралғаннан кейін міндетті түрде қазақ көйлегі сияқты ұзын жең көйлек тіккіземін. Қазақтан сондай қонақжай. Ирландықтармен ортақ тұстары көп екен. Мемлекеттеріңіз өте ұнайды. Қазақ мәджениетімен жақынырақ танысқым келеді", – деді Джун.

Осы жылдың жаз айларында Джун-маш Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын көріп қайтпақшы.

Айта кетейік, күні кеше Димаш Құдайберген Қытайда Singer-2019 шоуының жартылай финалында қонақ ретінде өнер көрсетіп, байқаудың қатысушылары Super Vocal триосымен бірге ән айтұан болатын.

Жүргізуші қазақстандық әншінің есімін жариялаған кезде залдағы көрермендер оған зор қошемет көрсетіп, әншілерді тік тұрып қарсы алды.


Тегтер: димаш, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.