weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстан Қазақстаннан қайтарымсыз көмек сұрады

Қырғызстан Қазақстаннан қайтарымсыз көмек сұрады

Қырғызстан Қазақстаннан қайтарымсыз көмек сұрады
ашық дереккөзі
 width= Қырғызстан Қазақстаннан қайтарымсыз көмек сұрауда, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29 қазанда Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген болатын.
"Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Руслан Қазақбаев қырғыз тарабына қаржылай-техникалық көмек көрсетуді сұрады", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек екі ел арасындағы шекарада жүк өткізу кезінде болатын қиындықтарды жою мәселесі талқыланған. Қырғыз тарабы жүк өткізуде біріңғай алгоритм жасауды ұсынған. Сонымен бірге шекара аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бірлескен сауда-логистикалық орталық ашу ұсынылған. Су-энергетикалық мәселелер де сөз болған. Кездесу қорытындысында бауырлас екі елдің қарым-қатынасы одан әрі берік дами беретініне сенім білдірген.