COVID-19: Үшінші толқын басталды
COVID-19: Үшінші толқын басталды

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері - тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып отыр».Бас қалада да бақылау күшейді. Бас санитар Жанна Пірәлиева шетелдегі ахуалды негізге алып, елордалықтарды айналасындағы адамдарға қамқор болуға шақырды. ЖАННА ПІРӘЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
«Бүгінгі таңда елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Еуропа елдерінде де карантин шаралары күшейтілуде. Кейбір қалаларда коменданттық сағат енгізілді. Кино және спорт залдар, театрлар қайтадан жабылып жатыр. Көрші Ресейде коронавирус инфекциясын тіркеудің өсуі байқалады. Елде масканы міндетті түрде жаппай кию талабы да күшейтілді»Ал ресейлік ғалымдар әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталды деп дабыл қағуда. "Коронавирустың үшінші толқыны бірнеше елде басталды. Мысалы Израильде. Ресейде де болуы мүмкін. Одан еш әрекет етпей құтылып кету мүмкін емес. Халық бетперде тақпай, сақтық шарасын ұстанбай немқұрайлық танытса, үшінші, төртінші, бесінші толқынның басталуына әкелуі мүмкін" Айта кетейік соңғы уақытта өсім көбейген кей өңірлерде шектеу шаралары қайта қатаңдатылып жатыр. Мамандар халықты бетперде тағып, арақашықтық сақтауға шақыруда. Тіпті мейілінше үйден шығпауға кеңес беруде.