COVID-19: Үшінші толқын басталды

COVID-19: Үшінші толқын басталды

ашық дереккөзі

 width=  Әлемді тығырыққа тіреген тәж тұмаудың үшінші, тіпті төртінші толқыны болады. Ресейлік ғалымдар осындай уәж айтуда. Ал біздің елдегі эпидахуал қандай? Өңірлерде қайтадан блок-бекеттер қойылып жатқаны рас па? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елде вирус жұқтырғандар қайта көбейді.  Тек өткен тәуліктің өзінде, індеттің ілмегіне 268 отандасымыз ілігіпті.  Ең көп дерек бес қалада тіркелген. Мәселен Шығыс Қазақстан облысында  соңғы 24 сағатта вирусты  бірден 139 адам жұқтырған екен. Нұр-Сұлтанда 33, Солтүстік Қазақстан облысында 13, Павлодар мен Алматыда 12. Ел бойынша ауырғандар саны  111 100 адам. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында бірінші қарашадан бастап блок-бекеттер қойылады. Өңірдің Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес шаруашылық және өзге де қызмет пен халық өміріне қатысты шектеулер алдағы уақытта енгізілмек.  ТАЛҒАТ ТҰҢҒЫШБАЕВ, ШҚО ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МАМАНЫ:

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері - тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып отыр».
Бас қалада да бақылау күшейді. Бас санитар Жанна Пірәлиева шетелдегі ахуалды негізге алып, елордалықтарды айналасындағы адамдарға қамқор болуға шақырды.  ЖАННА ПІРӘЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
«Бүгінгі таңда елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Еуропа елдерінде де карантин шаралары күшейтілуде. Кейбір қалаларда коменданттық сағат енгізілді. Кино және спорт залдар, театрлар қайтадан жабылып жатыр. Көрші Ресейде коронавирус инфекциясын тіркеудің өсуі байқалады. Елде масканы міндетті түрде жаппай кию талабы да күшейтілді»
Ал ресейлік ғалымдар әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталды деп дабыл қағуда. "Коронавирустың үшінші толқыны бірнеше елде басталды. Мысалы Израильде. Ресейде де  болуы мүмкін. Одан еш әрекет етпей құтылып кету мүмкін емес. Халық бетперде тақпай,  сақтық шарасын ұстанбай немқұрайлық танытса,  үшінші, төртінші, бесінші толқынның басталуына әкелуі мүмкін" Айта кетейік соңғы уақытта өсім көбейген кей өңірлерде шектеу шаралары қайта қатаңдатылып  жатыр. Мамандар халықты бетперде тағып, арақашықтық сақтауға шақыруда. Тіпті мейілінше үйден шығпауға кеңес беруде.

Жүктелуде...