weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өнер саласының өкілдері шеруге шықты

Өнер саласының өкілдері шеруге шықты

Өнер саласының өкілдері шеруге шықты
ашық дереккөзі
 width= Германияда мәдениет пен өнер саласының өкілдерінің шеруі өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Елдің түкпір-түкпірінен осы шараға қатысу үшін мыңдаған адам Берлинге келді. Пандемияның кесірінен көбі наурыз айынан бері жұмыссыз отыр. Олар табыстары 90%-ке азайғанын айтады. Бұл салаға пайда негізінен бұқаралық іс-шаралардан түсетін. Германияда жылдың аяғына дейін конгресстер, жәрмеңкелер мен фестивальдер өткізуге тыйым салынды. Осының кесірінен дыбыс режиссёрлер, көлік жүргізушілер, көрме орталықтарының иелерінен бастап аспаздар мен әншілерге дейін көптеген адам нәпақасыз қалды. Шерушілер өз көліктерімен қаланың орталық көшелерін бөгеп, жол қозғалысына кедергі келтірді. Наразылар саясаткерлердің назарын аударып, жұмыстарын жалғастыру үшін биліктің рұқсат беруін талап етті. Осы шараға туризм саласының да өкілдері қосылды. Жалпы ұйымдастырушылардың есебінше, шеруге 8 мыңдай адам қатысты.