Сайрам: Елімізде ет тағы қымбаттауы мүмкін
Сайрам: Елімізде ет тағы қымбаттауы мүмкін

«Бәріміздің несиеміз бар. Әзер төлеп жатырмыз. Біз өмір бойы мал сатумен айналысып келеміз, басқа табыс көз жоқ. Ауылда не зауыт, не фабрика жоқ. Біздің базар Қазақстандағы ең ірі мал базар болып саналады, 7 мың бас малға лайықталып салынған. Жылқы, сиыр және ұсақ мал сатуға Қазақстанның басқа облыстарынан келіп жатады. Базарды жауып еді, саудагерлердің бәрі қып-қызыл шығынға батып жатыр», - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Бахадыр Мамасалиев.Тараздық кәсіпкер Ержан Тоғысбек базардың жабылуы еттің қымбаттауына әкелуі мүмкін деген болжамын айтып отыр. Өйткені, мал бұрынғы көлемде сатылып жатқан жоқ, бағасы да жоғары. Қарабұлақтағы мал базарының иесі де шығынға баттым деп отыр. Аудан әкімдігімен келісіп, базарды ашқысы келіпті, алайда, жергілікті билік рұқсатын бермеген. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі