Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

05 Сәуір, 2019 662 0

NewsROOM+. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Д.Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: ДарханҚыдырәлі, елбасы, түркіакадемиясы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.