Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков бүгін primaries.kz ақпараттық жүйесі арқылы дауыс берді. Бұл туралы аудан әкімі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы болып табылатын Ұ.Сәдібеков өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
«Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan»-ның партияішілік іріктеу мақсатындағы сайлауына ауданнан 71 үміткер тікеліп, бағын сынауда. Олардың қайсысы үздік екеніне де осы партия мүшелері дауыс береді. Сондықтан, ашық та айқын өтіп жатқан партияішілік іріктеуге әрбір нұротандық белседі түрде қатысқаны абзал.
Қазіргі жағдайға тоқталсақ, аудандағы 71 үміткердің 1-і ҚР Парламент Мәжілісіне, 9-ы облыс мәслихатына, қалғаны аудандық мәслихат депутаттығына үмітті. Ал бұл азаматтарға Сайрам ауданындағы «Nur Otan» партиясының мүшесі болып табылтын 6986 азамат дауыс бере алады.
Оның 5454-і онлайн дауыс беруге тіркелген. Ал 1532-сі ертең, 3 қазан дәстүрлі түрде бюллетень арқылы дауыс бермек.
Соңғы мәлімет бойынша 2482 азамат онайн түрде өз таңдауын жасады. Бұл әзірге дауыс берушілердің 36%-ын құрап отыр.
Дауыс беру - бүгін және ертең жалғасады. «Nur Otan» партиясының мүшесі болып табылатын баршаңызды саяси додаға асқан жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырамын», - дейді аудан әкімі.