Аудан әкімі ұстаздар қауымына алғысын білдірді
Аудан әкімі ұстаздар қауымына алғысын білдірді
Сайрам ауданы әкімі Уласбек Садибеков «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай бүгін бірқатар білім беру саласының қызметкерлерін қабылдап, жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
«Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, ұстаз мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын жақсарту мәселесі республика деңгейінде шешімін тауып, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.
Нәтижесінде, білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысын 25-тен 50%-ға дейін өсіру жоспары қолға алынды. Мұғалімдерді негізсіз қоғамдық жұмысқа тарту тоқтатылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасына өтуге байланысты қайта даярлау және цифрлық бағдарламаға сәйкес ІТ сауаттылық курстары өткізілуде. Мұның бәрі бір-бір ұжымды басқарып отырған Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Ұстаздардың жағдайын ойлап, олардың мәртебесін көтеруді ең бірінші өздеріңіз ойлайсыздар.
Сонымен қатар, мемлекетшіл азамат ретінде қоғамдық-саяси жағдайларды да ескеріп, азаматтық борышты ұмытпайтын асыл қасиеттеріңізді атап өтпеу мүмкін емес», – деген аудан басшысы алдағы міндеттерге тоқталып, жетістікке жету жолында ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.
Жиын соңында білім беру саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің "Алғыс хат" тапсырып, сый-құрмет жасады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі