Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Аудан әкімі ұстаздар қауымына алғысын білдірді

Аудан әкімі ұстаздар қауымына алғысын білдірді

Аудан әкімі ұстаздар қауымына алғысын білдірді
ашық дереккөзі
 width= Сайрам ауданы әкімі Уласбек Садибеков «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай бүгін бірқатар білім беру саласының қызметкерлерін қабылдап, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. «Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, ұстаз мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын жақсарту мәселесі республика деңгейінде шешімін тауып, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысын 25-тен 50%-ға дейін өсіру жоспары қолға алынды. Мұғалімдерді негізсіз қоғамдық жұмысқа тарту тоқтатылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасына өтуге байланысты қайта даярлау және цифрлық бағдарламаға сәйкес ІТ сауаттылық курстары өткізілуде. Мұның бәрі бір-бір ұжымды басқарып отырған Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Ұстаздардың жағдайын ойлап, олардың мәртебесін көтеруді ең бірінші өздеріңіз ойлайсыздар. Сонымен қатар, мемлекетшіл азамат ретінде қоғамдық-саяси жағдайларды да ескеріп, азаматтық борышты ұмытпайтын асыл қасиеттеріңізді атап өтпеу мүмкін емес», – деген аудан басшысы алдағы міндеттерге тоқталып, жетістікке жету жолында ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. Жиын соңында білім беру саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің "Алғыс хат" тапсырып, сый-құрмет жасады. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі