bnews.kz порталында айыппұлды тексеретін онлайн-сервис ашылды

05 Сәуір, 2019 1155 0

NewsROOM+. bnews.kz порталында айыппұлды тексеретін онлайн-сервис ашылды

Жаңа сервисте қолданушылар әкімшілік айыппұл бар-жоғын мезетте біле алады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті «Бірыңғай әкімшілік өндіріс реестрі» жобасы аясында қолдануышлар әкімшілік айыппұл бар-жоғын мезетте біле алатын сервисті іске қосып отыр.

Сервис бүгіннен бастап  qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінен басқа, Bnews.kz порталында да бар. Қызмет барлық қолданушыларға тегін. Әкімшілік айыппұл бар-жоғын білу үшін жеке тұлғаларға жеке куәлігінің нөмірі мен ЖСН енгізу жеткілікті, ал заңды тұлғалар БСН мен мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуі керек.

Сайтта бұдан басқа – айыппұлды қай жерде төлеуге болатыны; айыппұл төленгенімен, әлі де базада тұрған жағдайда не істеуге болатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сонымен бірге, айыппұл төлейтін азаматтың өз мәселесін шешуге қажет мәліметтер де жиналған.

Жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған.

Мұндай сервис ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сайтында да бар.

Сервистің сілтемесі: https://bnews.kz/lite/onlinecheck

Қосымша ақпарат алу үшін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне хабарласуды сұраймыз.

Тел: +7 (7172) 742855

e-mail: support@kgp.kz 

Тегтер: айыппұл, әкімшілік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.