Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сайрамда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың саны артты

Сайрамда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың саны артты

Сайрамда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың саны артты
ашық дереккөзі
 width= Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында 2020 жылы Республикалық бюджеттен 818672,0 теңге бөлініп, бүгінгі таңда аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы есептік кезеңге сәйкес,  1023 азаматқа 573271,0 теңге қаржы төленді.  Аталған қаржыға 101 азамат Израильдік технология бойынша үй-іргелік жерлеріне  тамшылатып суару әдісіне, 18 азамат тігін машиналарына, шаштараз және бет әрлеуші (визажист) құралдарына,  2 азамат пластикалық есік, терезе жабдықтарын жасауға және лазермен кесу әдісіне (станок)  мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруда.  Мемлекеттік гранттар беру және жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету арқылы өз кәсібін ашу жұмыстары жыл аяғына дейін өз жалғасын табады. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі