10 шақырымды «жаяу аралады» деген сөз үшін жүріп өткен жоқпыз – аудан әкімі

10 шақырымды «жаяу аралады» деген сөз үшін жүріп өткен жоқпыз – аудан әкімі

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков бірқатар дербес бөлім басшыларымен бірге Қарасу және Ақсукент ауылдық округіне қарасты аумақта жатқан Ұлы дала көшесін жаяу аралады. Ондағы мақсат - көзге ұрып тұрған кемшіліктерді сала басшыларына "соқырға таяқ ұстатқандай" етіп көрсету және сол арқылы нақты іске кірісіп, мәселелердің оң шешімін табу. Ұласбек Сәдібекұлы ең әуелі Ұлы дала көшесінің сәулетін тілге тиек етті. «Сондай керемет үлкен жолмен жүріп өткенде адам мұндағы бей-берекет шашылған қоқыс, сыры кеткен қоршау, тас төбешік пен топырақ үйінділеріне көзі сүрінбей, керісінше, көшенің салтанатына тәнті болып өтуі керек», - деген аудан басшысы ауыл әкімдеріне игерілмей жатқан жер телімдерінің иесімен байланысуды тапсырды. Бос жатқан жер телімдері "қоқыс алаңына" айналып, ал игерілген бөлігіндегі нысандардың күтім көрмегенін сынға алды. «Жігітер, "Әкім он шақырым жол жүріп, ауылды жаяу аралапты" деген сөз үшін жүрген жоқпыз. Тапсырманың маңыздылығын түсінеді деп сенемін. Жол бойындағы электр бағаналары мен желілерінің сапасы да сын көтермейді. Ағаштар күтім көрмеген. Осының бәрін жаяу жүріп, көрсін дедім. Қашан осының бәрін ретке келтіреміз?» - деген аудан әкіміне Ақсукент ауылдық округінің әкімі "бір апта көлемінде реттейміз" деп жауап берді. Аудан басшысы Ұ.Сәдібеков бұл жауаптың нәтижесіне бір аптадан соң келіп тағы көз жеткізетінін ескертті. Сосын ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жақыпбекке жол бойында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, Жолдауды, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын, сондай-ақ, ұлылардың даналығы жазылған үгіт-насихаттық баннерлерін орнатуды тапсырды. Ал аудандық сәулет бөлімінің басшысына шарбақтарды ретке келтіріп, жол бойына ағаш егу, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында эскиздік жобалар әзірлеуді міндеттеді. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...