Ақтөбелік әйел ажырасқан соң төсек-орнын сот арқылы қайтарып алды

05 Сәуір, 2019 926 0

NewsROOM+. Ақтөбе тұрғыны күйеуінен ажырасқан соң сотқа арызданды. Ол қайын жұртының төсек-орнын қайтармағанын айтып шағымданды.

Жәбірленушінің жатын төсек, ыдыс-аяқ, көрпе-жастығы, одан өзге тұрмыстық заттардан тұратын жасауының құны 700 мың теңгеден асады, деп хабарлады 31 арна.

Қайын жұрты бұл заттарды ажырасқан келіншекке қайтарудан бас тартқан. Алайда іс заңмен қаралған соң ойынан айныды. 

Сот орындаушылары араласқан соң ол екі жақ мәмілеге келіп, айыпталушы жақ төсек-орынды қайтаруға келісті. Осыған байланысты өндірістік іс тоқтатылды.

Жас ерлі зайыптының үйленгеніне 1 жыл да болмаған. Ортақ балалары жоқ. Отбасылық жанжалдан соң ажырасуға бел буған. 

Дереккөз: stan.kz


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: ақтөбе, отбасы, төсекорын

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.