Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бастаған жұмысшы топ Ақсукент ауылдық округінің орталығы Жібек жолы көшесін аралады.
Айтылған ескертуден нәтиже шығаруды талап еткен аудан басшысы "керемет жоба" болмаса, оған қомақты қаражат жұмсамай, ескіні жаңарту қажеттігін алға тартты.
Бұл ескерту, әсіресе, Жібек жолы көшесінің бойындағы аркалаларға қатысты айтылды. Сондай-ақ, орталық көшеде жергілікті тұрғындардың, сауда-саттық нүктелеріндегі сатушылардың санитарлық талапқа сай жұмыс істеуін қадағалайтын мобильді топтың жұмысын күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін аудан әкімі "Мәртөбе" алаңындағы құрылыстың қарқынымен танысты және жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінің аумағын аралап, нысан маңын абаттандыру мәселесін қозғады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі