Аудан әкімі қызметкерлерді кемшілікті жасырмауға шақырды

Аудан әкімі қызметкерлерді кемшілікті жасырмауға шақырды

ашық дереккөзі

 width= Қарабұлақ Ауылдық округіндегі мобильді топ өз жұмысын дұрыс көрсете алды. Алайда, аудан әкімі Уласбек Садибеков барлық кезде тәртіп осылай болу керектігін ескертті. «Аудан басшысы келетін сәтте ғана емес, барлық кезде карантин режимін қатаң сақтауға күш салыңыздар. Себебі, нәубет әлі де қауіпті, қорқыныш сейілген жоқ. Жұмыс барысында бәрі тамаша көрінгенімен, егер кемшілікті бүркемелеп, жауырды жаба тоқу болса, оны осы маңда жүрген кез келген азамат әшкерелейді. Сөйтіп, бір сәтте бүкіл еңбектеріңізді сол шикілік шайып кетеді», - деді аудан әкімі. Ұласбек Сәдібекұлы Қарабұлақ ауылы Рүстемов көшесіне асфальт төсеу және жазда жүргізілген абаттандыру жұмыстарын аяқтауды алға тартты. Ауыл әкімі М.Шадиевтің айтуынша, аталған мәселелер алдағы он күнде шешімін табады. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...