Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сайрам ауданының әкімі мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады

Сайрам ауданының әкімі мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады

Сайрам ауданының әкімі мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады
ашық дереккөзі
 width= Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жергілікті мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленген төл мерекелеріңіз – «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін ұстаздың еңбегі зор. Әлемнің 100-ден астам мемлекеті қазан айының алғашқы жексенбісін мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі ретінде сонау 1994 жылдан бері атап өтуді дәстүрге айналдырған. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазанға ресми түрде бекіткен. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, ұстаз мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын жақсарту мәселесі республика деңгейінде шешімін тауып, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысын 25%-дан 50%-ға дейін өсіру жоспары қолға алынды. Мұғалімдерді негізсіз қоғамдық жұмысқа тарту тоқтатылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасына өтуге байланысты қайта даярлау және цифрлық бағдарламаға сәйкес ІТ сауаттылық курстары өткізілуде. Мұның бәрі Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Сонымен қатар мемлекетшіл азамат ретінде қоғамдық-саяси жағдайларды да ескеріп, азаматтық борышты ұмытпайтын асыл қасиеттеріңізді атап өтпеу мүмкін емес. Білім саласындағы үлкен жетістіктің бірі сыбайлас-жемқорлықты түпкілікті жою үшін педагогтар мен қызметкерлерді, мекеме басшыларын жұмысқа қабылдау, балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және мектепке қабылдау қызметтері толығымен портал арқылы жүзеге асуда. Мемлекет тарапынан ұстаздарға жасалып жатқан қолдаулардың көлемі жыл сайын арта береді. Ендігі кезекте педагогтар алдында үлкен міндеттер тұр. Жаңа білім беру бағдарламасын игеру, заманауи озық тәжірибелерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру, оқушыларды халықаралық деңгейге шығарып, креативті ойлау көзқарасындағы қазақстандық азамат қалыптастыру – бүгінгі ұстаздың басты парызы. Тұрақты түрде біліктілігін өздігінен жетілдіру де назардан тыс қалмауы тиіс. Әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде білім беру жүйесі жаңа форматқа өтті. Атап айтқанда, цифрлық жүйемен қашықтықтан оқыту, штаттық режимде және кезекші топтар ашып оқыту кедергілеріне кез болдық. Әлі де қиындықтар бар. Соған қарамай, біз – жұдырықтай жұмылып, алға қарай жылжи бермекпіз. Бүкіл сала қоғамның амандығына, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қызмет етсе, ұстаздар қауымы осы аталған күллі игілікті жалғастыратын ел болашағын тәрбиелеуге қызмет етеді. Яғни, біз үлкен «Мемлекет» атты машинаны жасасақ, сол «машинаның жүрегі» – өміріміздің жалғасы бүгінгі ұрпақты сіздер дайындап жүрсіздер. Қымбатты ұстаздар! Сіздерге осы ұстаздық жолда қажыр-қайрат, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұстазының абыройын асқақтатып, есімін танытатын шәкірттеріңіз әрашан оза берсін!», - деп тілек білдірді Ұласбек Сәдібеков. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі