"Служу қайын жұрту": Тойда енесіне ант берген келін қызу талқыға түсті (видео)

05 Сәуір, 2019 865 0

NewsROOM+. Әлеуметтік желіде тойда енесіне ант берген келіннің видеосы тарап кетті. Ақ көйлектегі ару әзіл аралас уәделерін айтып, енесі табыстаған орамалды алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода жаңа түскен келіннің асабаның сөздерін қайталағанын аңғаруға болады.

"Келін болып кіріп, кемпір болып шығуға, енеммен ерегіспеуге, банкоматты картаға таласпауға ант етемін. Служу қайын жұрту", - дейді ол.

Ал бейнежазбаны көрген желі қолданушылары түрлі пікірін жаудырды

"Асабада идея жоқ", "Мұндай ант беру біздің әулетте де бар", "Ант беру дұрыс емес, асабаның ісі де дұрыс емес", "Осындайдың не қажеті бар?", "Мұның несі үлгі?", "Не қызығы бар?" деп жазған олар.



Тегтер: ене, отбасы, келін

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.