Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді
Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді
Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде пицца жеткізушінің клиент тапсырыс берген пиццаның дәмін татып көргені түсірілген видео тарап жатыр. Видео кадрларынан маска мен қолғап киген ер адамның қорапты ашып, қолымен пиццаны ұстап, қайта жапқаны көрінеді. Желі қолданушыларының көбі ер адамның пиццаға түкіргенін жазып жатыр.
Полицейлер видеодағы ер адамды анықтады. Бұл видеоның 16 сәуірде түсірілгені белгілі болды.
"Осы видеоға байланысты тексеріс басталды. Видеодағы ер адамның Екібастұздың 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс мамандандырылған сотқа жолданды", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлердің айтуынша, ол пицца түкірген жоқ. Ер адам сол күні жұмыстан шығарылды дейді.
Кейінірек желіде оның кешірім сұрағаны түсірілген видео тарады.