Түркістанда қос ғұламаның ескерткіші пайда болды

Түркістанда қос ғұламаның ескерткіші пайда болды

ашық дереккөзі

 width= ҚазАқпарат – Түркістан қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы мен ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай еңселі ескерткіштер орнатылды. Салтанатты рәсімге ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Абай Құнанбайұлының тас мүсіні шаһардағы «Оқушылар сарайы» ғимаратының алдына қойылды. Ал, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші жаңа облыстық драма театры алдынан бой көтерді. Демеушілер есебінен жасалған екі ескерткіштің де авторы – мүсінші Гүлфия Мелдеш. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мүсіндері монументалды стильде жасалған. Қоладан құйылған қос ескерткіштің биіктігі - 4 метр, салмағы - 1,5 тонна. 3,5 метрлік тұғырға орнатылған. Ескерткіштердің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қасиетті қаладағы іс-шараны ұлы даланың ұлағатты тұлғаларына тағзым ету мақсатында атқарылып жатқан игі іске балады. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/turkistanda-kos-gulamaga-eskertkish-koyyldy_a3710276

Жүктелуде...