Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
NewsRoom
Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:
- Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;
- ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.