
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:
- Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;
- ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.