Нұрланова Сайрам ауданына іс сапармен келді

Нұрланова Сайрам ауданына іс сапармен келді

ашық дереккөзі

 width= Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі А.А.Нұрланова Сайрам ауданына іс сапармен келді. Елдімекен тұрғындарымен кездесу Қарасу ауылдық округінен бастау алды. Кездесу барысында тұрғылықты өңірдің әлеуметтік және экономикалық даму жолында іске асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстармен танысты. Кездесу қалыпты есеп тыңдау немесе есеп беру сарынында емес, халықпен еркін сұхбат сипатында өтті. Еркін пікір алмасу бағытында өткен кездесуде тұғындар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік грант қаражатының мөлшерін көтеру, және бастапқы кәсіпкерлікті дамытуға ұсынылатын шағын несиелердің қайтару мерзімін ұлғайтуды, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерін төмендету жөнінде ұсыныстар айтты. Министр кеңесшісінің тұрғындармен кездесуі Манкент ауылдық округінде жалғасты. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант қаражатымен қамтылған Д.Бегларованың кәсіптік мақсатымен танысты. Бұл азаматша төленген грант қаражатын қызмет көрсету саласына бағыттап, сұлулық салонын ашқан. Ал ауыл тұрғыны Р.Султанкулова мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларына 2 сиыр алып, жан бағып отырғанын жеткізді. Бүгінгі күнге жоспарланған жұмыс сапарының соңғы межесінде министр кеңесшісі халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен сұхбаттасып, халықты нәтижелі жұмыспен қамту жолында қабылданған іс-шаралармен көрсетілген қызметтердің тиімділігі және қол жеткізген жетістіктермен танысып, ой бөлісті.

Сайрам ауданы округі әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...