Қарабұлақ ауылдық округі мен Ақсу-2 ауылында электр қуаты уақытша жұмыс істемейді

Қарабұлақ ауылдық округі мен Ақсу-2 ауылында электр қуаты уақытша жұмыс істемейді

ашық дереккөзі

 width=

Осы демалыс күндері ПС-35/10кВ - "Қарабұлақ" қосалқы станциясы және ВЛ-10кВ ф "Дом отдых" жоғарғы кернеулі электр желілеріне "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-і мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам ауданы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысандардан электр қуатын алатын ресми орындар мен басқа да мекемелерде және Қарабұлақ Ауылдық Округі мен Ақсу-2 ауылында электр қуатының болмайтыны Сайрам Жкх парақшасында хабарланды.
Осы хабарламағы қосымша, электр энергиясының болмауынан Ақсу ауылының көпқабатты үйлерге арналған су сорғысының жұмысы да тоқтатылатынын ескертеміз.
Осыған орай 11.10.2020ж сағат 12:00 ден 19:00 ге дейін ауыз суын беру уақытша тоқтатылу мүмкін.
Еске салсақ, білім беру жүйесі онлайн форматқа көшуіне орай, электр желілеріне жөндеу жұмыстары аудан тұрғындарының ұсынысымен сенбі-жексенбі күндеріне жоспарланған.

Жүктелуде...