Жаңалықтар

Қырғызстан сыртқы істер министрі Қазақстанға келді

 width=

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұрын аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділік расталды.

 width=

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарттар рухында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 width=

Келіссөздер барысында М. Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне жоғары алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

 width=

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия аймағында өңірлік кооперацияны дамытуда оң динамиканы сақтауға ерекше назар аударылды.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау мәселелерінде өзара әрекеттестік жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.