Коронавирус індетін алдын алу шараларын күшейту керек

Коронавирус індетін алдын алу шараларын күшейту керек

ашық дереккөзі

 width=

Әлемдік індет – коронавирустың Сайрам ауданында таралуының алдын алу мақсатында сақтық шараларын күшейтуіміз қажет.
Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Мұның барлығы аудан тұрғындарының денсаулығы, елдің амандығы үшін жасалып отыр.
Аталған дерттің таралуына жол бермеу үшін Сайрам ауданы бойынша әкімдік жанынан үш, ауылдық округтерде он бір мобильдік топ құрылған. Сақтық шаралары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ең әуелі әрбір азамат мамандар айтқан ережелердің талаптарын сақтай отырып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Көшеге шыққанда, азық түлік дүкендеріне барғанда бетперде (медициналық масканы) тағып, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдаланып жүріңіздер. Бұл өте маңызды.
Алайда Сайрам ауданының тұрғындары арасынан шектеулерге бағынбай отбасылық шараларды (келін түсіру, қыз ұзату, туған күн т.б) ұйымдастырушылар кездесуде. Олар заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылуда.⠀
Құрметті сайрамдықтар!
Енгізілген шектеулерді әрбір азамат, әрбір кәсіпкер түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз.
Барлығымыздың азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады.
Кейбір азаматтардың алдын-ала жоспарлаған отбасылық іс-шаралары, мерекелік жиыны бар екенін білеміз, алайда отбасылық жиын, мерекелік шараларды өткізуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
БАРЛЫҒЫМЫЗҒА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ҚЫМБАТ ЕКЕНДІГІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ!

Жүктелуде...