"Парасат" пікірталас клубын қолға алу жобасы талқылануда

"Парасат" пікірталас клубын қолға алу жобасы талқылануда

ашық дереккөзі

 width= Аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлы "#Парасат" #пікірталас клубы жобасын қолға алуымыз керек" деген идеясын қаңтарда айтқан болатын. Есеп беру жиыны өткенше карантин жетіп келді де, барлық іс-шаралар тоқтатылды. Қаңтарда кіріскен бастаманы ұйымдастыру қазан айына нәсіп етіпті. "Nur Otan" партиясының Сайрам ауданындағы филиалы тарапынан ұйымдастырылған іс-шара дәл керек кезде қолға алынғанын дәлелдей түсті. Клубтың белсенді мүшелерінің барлығы дерлік аудан тұрғыны. Клубтың қажеті барын нақтылап, жастардың белсен қатысуын және аудандағы өзекті мәселелерді атап өтті. Меніңше, ұсаныстары туралы әр #клуб мүшесі өз парақшасында жаза жатар. Ал ережесін Nur Otan Sayram парақшасынан оқисыздар. Енді кез келген аудан тұрғыны және Сайрам ауданының жанашыры әр үш айда осы басқосуға келіп, өзінің ойын, ұсынысын, талап-тілектерін айта алады.

Сайрам ауданының ресми парақшасынан алынды

Жүктелуде...