Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Қазақстанның орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкстің айтуынша, боксшы 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлайды, - деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап. «Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз - Камил Шереметаға қарсы шайқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар.
Содан кейін ғана біз «Канеломен» шайқасқа дайын боламыз. Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты.
Енді «Канело» Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін айтады. Бірақ Геннадийдің басқа жоспарлары бар. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек», - деді Бэнкс.
Еске салайық, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс болатын.