Қарасу ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Қарасу ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

ашық дереккөзі

 width=

Сайрам ауданы әкімі Уласбек Сәдібеков Сыдықов Дамир Нұрмұхамбетұлын Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі қызметіне 13.10.2020 жылғы №231 өкімімен тағайындады.
Дамир Нұрмұхамбетұлы 1990 жылғы мамырдың 23-інде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, 2012 жылы «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Сайрам аудандық құрылыс бөлімінде жастар практикасы бойынша практикант болып бастаған. 2013 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасаған.
2017 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Отбасылы.
Ұласбек Сәдібекұлы жаңа тағайындалған Қарасу ауылдық округінің әкіміне ауыл өмірінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, ұжымның алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...