КешYou-дің бұрынғы әншісі үлкен жігіттерге берілмегені үшін "орденге" ие болды

04 Сәуір, 2019 735 0

NewsROOM+. "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей Балжанға ерекше сый жасады, деп жазады Stan.kz. 

Ол өзін лайықты ұстап, үлкен жігіттерге берілмегені үшін Балжанға "орден" табыстады. 

"17-18 ғасырларда бір елдің үш бірдей қызына басқа елдің үлкен жігіттері көз салады. Шапқыншылық жасап, басып алғысы келеді. Қанша уақыт келіп жүргенін білмедім. Бірақ оқиға қорытындысы бойынша, басқа елдің шапқыншы жігіттері сол елдің екі қызын алып қашады. Тек бір қыз ғана қайсарлық, өжеттік танытып, өзінің ақылдылығы мен көрегендігін алға қойып, сол үлкен жігіттер шапқыншылық жасаған кезде тойтарыс беріп, төтеп бере алған екен.

Шайқасады, жұлысады, үлкен жігіттерге берілмейді. Ол қыздың ауылда аты шығады. Батыр, өжет қыз екен. Қаншама қыздарымыз осындай болса, біздің ауылымызды ешкім басып алмайды. Бірақ ешкім ол қыздың еңбегін бағалап, ешкім марапаттамайды", - деген Қайрат Әділгерей бұдан кейін Балжанға "Қайсар қыз" атты орден табыстады. 

Аңыздың астарын түсінген Балжан жүргізушіге ризашылығын білдіріп, осы медальді алу үшін барын салғанын атап өтті. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: КешYou, балжанбидаш

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.