Сайрам ауданының мұқтаж жандары баспаналы болды

Сайрам ауданының мұқтаж жандары баспаналы болды

ашық дереккөзі

 width=

Сайрам ауданының орталығында 1984 жылы салынған коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстары басталғанда қуанып қалдым. Себебі, оны күрделі жөндеуден өткен соң аудандағы үйге мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беру жоспарланған. Мұндай баспанаға қол жеткізу - аудан бойынша 184 баланың мәселесі.
Сонымен құрылыс басталғаннан Ақсукент ауылы, Интернациональная көшесіндегі екіқабатты ғимаратқа аудан әкімі бастаған топ жиі із салдық. Құрылысы аяқталғанда Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Сакен Калкаманов арнайы келіп, нысанды аралады.
17 пәтер дайын болып, ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метрді, ал тұрғын-үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрады.
Сайрам ауданында көптен күткен қуанышты іс-шара бүгін ұйымдастырылыпты, мен қатыса алмадым. Бірақ, осы жұмыстардың межеге жетуін баспана иелерімен бірдей асыға күтіп жүргем.
Аудан әкімі Уласбек Садибеков бүгін карантин режиміне орай 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстап, үй иелерін қуанышымен құттықтады.
Иә, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру» бағдарламасы аясында 84,0 млн теңге қаражат жұмсалды. Күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарын "Астана- көктем С" ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.
Жаңа пәтер иелеріне баспана құтты болсын! Алла баршаңызға үйлі де күйлі болуды нәсіп етсін!

Жүктелуде...