
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілкен алқа отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда амнистия жарияланатынын мәлімдеді. Шара тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.
Рақымшылық азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмеген қылмыс үшін жауапқа тартылғандарды қамтиды, деп хабарлады Ақорда.