АУДАН БАСШЫСЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ашық дереккөзі

 width=

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен ауданда карантин режимдерінің сақталуын қадағалау барысында құрылған 3 топтағы мобильді топ төрағаларының атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау бойынша отырысы өткізілді.
Жиында карантин режимдерінің сақталуын қадағалау барысында құрылған 3 топтағы мобильді топтың төрағалары, яғни аудан әкімінің орынбасары, І-ші мобильді топтың төрағасы М.Оразалиев, аудан әкімінің кеңесшісі, аудан әкімі орынбасарының м.у.а, ІІ-ші мобильді топтың төрағасы Б.Хасанов және аудан әкімінің орынбасары, ІІІ-ші мобильді топтың төрағасы А.Өсербаев өздеріне қатысты аумақтарда атқаралыған жұмыстары туралы есептерін баяндады.
Аудан басшысы жиын соңында үш топтың төрағалары облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 37 қаулысының қатаң сақталуын қадағалап, елді мекендерді тұрақты түрде аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін және топ тарапынан анықталған кемшіліктерді бақылауда ұстап, орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...