«Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа»

«Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа»

ашық дереккөзі

 width=

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек датқа ауылында 205 гектар аумақта орналасқан жаңақұрылыс көшелеріне трансформатор орнату және электр желілері мен бағаналарының құрылысына 3 жоба дайындалды. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков ауыл тұрғындарымен өткен келелі басқосуда айтты.
- Аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізіліп «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» ұсынылған, қаражат бөлінсе, жұмыстар жанданады, - деді аудан әкімі.
Қайнарбұлақ ауылына қарасты 8 ауылдың мәселесі мен ішкі саяси ахуалы әңгіме болған жиында ауыл әкімі Рысқұл Оспанұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жүсіпбекұлы және Сайрам аудандық полиция басқарма бастығының орынбасары Сапарғали Жорабекұлы баяндама жасады.
Жиынның негізгі мақсаты - тұрғындарымен кері байланыс орнату және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру. Түрлі саладағы жұмыстар сараланған соң аудан басшысы табиғи газ және сапалы электр желісін тарту бойынша алдағы атқарылтын жұмыстарды таныстырды.
Қайнарбұлақ ауылдық округ тұрғындарына кейде жеке бастың араздығымен «түймедей істі түйедей етіп», ауылдың жағымсыз аты шығып кететінін айтып ашынған Ұласбек Сәдібекұлы ел ішіндегі даулы мәселеге ауыл билері араласуын ұсынды.
- «Ә, сол ауыл ма тағы? Олар үнемі солай тартысып, қырқысып жүреді» деген атпен кімге үлгі боламыз? Туған жеріне, ауылына жаны ашитын азамат ең әуелі осындайды ойлап, мәселенің шешіміне парасат биігінен қараса, соның өзі сіздердің азаматтығыңыз бен отансүйгіштігіңіздің дәлелі болмақ. Ауылдың әкімі ешқандай мәселені жасырып отырған жоқ. Сабыр сақтап, жұмыс жүргізсек, жоспарды дер кезінде орындай аламыз, - деді ол қорытынды сөзінде.
Айта кетейік, Сайрам ауданы аумағында орналасқан 7 елді мекенді табиғи газға қосуға, күтіп ұстау қаржысын есептеу үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалының директоры Е.Ибраевтың атына тиісті құжат жолданды. Келісім шарт түзілген соң Қасымбек датқа, Шіркін, Құрлық, Теспе, Әсіларық, Ошақты, М.Оразалиев ауылдарына табиғи газ берілетін болады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...