Түркістан облысында мұқтаж жандар баспаналы болды

Түркістан облысында мұқтаж жандар баспаналы болды

ашық дереккөзі

 width= Сайрам ауданында биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж 184 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешу мақсатында Ақсукент ауылындағыкоммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өткізілген болатын, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап. Пайдалануға берілген пәтерлердің кілтін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков мұқтаж отбасыларға табыс етті.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру» бағдарламасы аясында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84,0 млн теңге қаражат қаралған.

Күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарын "Астана- көктем С" ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтамасыз етіледі. Солардың ішінен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метр, ал тұрғын-үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрайды.

 

Жүктелуде...