Ұлттық қордың бұғатталған 21,5 млрд доллары босатылды

30 Мамыр, 2018 1029 0

Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты Қазақстанның мәлімдеуінше алдаумен алынған ҚР Ұлттық қоры активтерінің шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасынан алдын ала тыйым салуды жойып, 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді ағылшын соттарында алып тастауға болады деп ұйғарды.

Ведомство мәліметінше,Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті, алайда оларға 500 миллион АҚШ доллары ұйғарылды. Осы қаражаттың ішінен 199 млн. АҚШ доллары газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.

Кейіннен, АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай және алаяқтық фактісін тіпті мәні бойынша қарамағанына қарамастан, Англияның Жоғары соты ұсынылған дәлелдерді қарастырып, өткен жылдың маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті түрде бастапқы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше ағымдағы жылғы қазан айына алаяқтықтың мәні бойынша тыңдау өткізуді белгіледі.

Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ науқан бастап, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард АҚШ долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салды, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі.

Бельгиялық сот уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда 530 миллион АҚШ долларымен шектелуі керек деп ұйғара отырып, Статидің стратегиясын шайқалтты, бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бұдан басқа, бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады.

"Тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы бастапқыдан елімізге қысым көрсетуге бағытталған", - дейді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Тегтер: ұлттыққор, бұғат, қаржы, брюссель

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.