weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауданның коронавирус індетінің екінші толқынына дайындығы пысықталды

Ауданның коронавирус індетінің екінші толқынына дайындығы пысықталды

Ауданның коронавирус індетінің екінші толқынына дайындығы пысықталды
ашық дереккөзі
 width= Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында аптада атқарылған жұмыстары пысықталып, короновирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Б.Атаходжаев аудан бойынша карантин режимінің енгізілуіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы К.Шадиева аудандық білім беру нысандарының қашықтықтан оқыту жайын баяндаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева Сайрам ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторларының орындалуы туралы жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы баяндап, бөлімнің алдағы жоспарын таныстырды. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Аңсар Өсербаев жиын соңында бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.